ОҚО-да мектеп оқушысы өзін-өзі өлтірді

Фотография - ОҚО-да мектеп оқушысы өзін-өзі өлтірді

Жетінші сыныпта оқитын бала сабақтан соң үйінде асылып қалды.

168 0

Оқиға Төлеби ауданында болған. Жетінші сыныпта оқитын бала сабақтан соң үйінде асылып қалды.

Оның мүрдесін бауыры қорадан тауып алған. Бірақ 13 жастағы ұл баланың неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушылары қайғылы оқиғаны жақсы біледі. Жеткіншек күні кеше ғана өздерімен бір аулада ойнап жүрген еді.

Пернебек Асанов, мектеп директоры Пернебек Асанов, мектеп директоры: "Ата-анасы мектепке ешқандай кінә артып отырған жоқ. Кеше кешкісін естіп, бас қасында болдым. Сыныптастарына да кіріп, көңіл айттық. Бүгін мектепте қаралы күн жарияланды".

Ұстаздар баланың өз-өзіне қол жұмсағаны біз үшін жұмбақ жағдай деп отыр. Сондықтан бала өліміне білім ордасының қатысы жоқ деп ақталуда. Ал сынып жетекшісіне оқушысының өлімі қатты батса керек. Көзіне жас алып жүріп, кеше ғана үй тапсырмасын алып кеткен оқушысының отырған орнын көрсетті.

"Кеше ғана, күліп-ойнап жүрген ақкөңіл, кішіпейіл баланың осындай жағдайға барады деп кім ойлаған. Оқушым Ғалымжан Бекболаттан мұндай күтпедім", - дейді жеті жыл марқұм болған жеткіншекті тәрбиелеген ұстазы.

Ал мүшел жасқа енді толған баласын жер қойнауына тапсырған ата-ананың халі мүшкіл.


Тегтер:

өлтірді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!