Өрттен екі ер адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді

Фотография - Өрттен екі ер адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді

Өрт салдарынан екі ер адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

159 0

Өрт салдарынан екі ер адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жұма, 22 ақпан күні Астанада Тілендиев даңғылы, 377 үйде орналасқан «Нұр Астана» ЖШС-нің аумағындағы 2 қабатты жатақхананың бөлмесі өртенді. Жалын 20 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ орнында есімі анықталмаған ер адамның мүрдесі табылды.

Өртпен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД-дегі өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды.

Қостанай облысының Арқа ауылында 22 ақпан күні жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын 115 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдай орнында 1964 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Қостанай облыстық ТЖД-дегі өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы қатысты.

Сол күні Ақтаудағы «Арселор Миталл Ақтау» ЖШС-нің құбыр зауытында қосалқы стансасының бір қабатты металл бөлмесі өртенді. Жалын тілі 15 шаршы метр аумаққа тарады. Өрт салдарынан үш электрик зардап шекті. Термиялық күйіктер шалып, иіс тиген жұмысшылар ауруханаға жеткізілді.

ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.


Тегтер:

өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!