Ақсу өзеніне құлаған көліктегі жолаушылар табылмай жатыр

Фотография - Ақсу өзеніне құлаған көліктегі жолаушылар табылмай жатыр

Ақсу өзеніне құлаған көліктегі жолаушыларды полиция мен туған-туыстары іздестіруде

333 0

Ақсу өзеніне құлаған көліктегі жолаушыларды полиция мен туған-туыстары іздестіруде, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

«Әзірге Шу ауданы аумағында Ақсу өзеніне батып кеткен  «Volkswagen Bora»  көлігіндегі жолаушыларды су астынан іздеу  жұмыстары нәтиже берген жоқ», делінген  ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, «Volkswagen Bora» автомашинасының екі жолаушысы – Алматы облысының 24 жастағы тумасы А. Садыров пен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының 23 жасар тумасы К. Сартбаева  5 қаңтарда  көлік өзенге құлағаннан кейін үшті-күйлі жоғалған. Ал жүргізуші мен өзге екі жолаушы  аман қалған.

Бірнеше апта бойы жүргізілген іздеу еш нәтиже берген жоқ. Тек 19 қаңтар күні  оқиға болған жерден 5 шақырым қашықтықта жоғалғандардың бірінің мәйіті табылды.

Енді іздеу жұмыстарымен тек полиция қызметкерлері мен туған-туыстары ғана айналысады, деп хабарлады  Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Тегтер:

құлады өзенге

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!