Жамбыл облысында Шымкенттен Алматыға бара жатқан екі автобус соқтығысты

Фотография - Жамбыл облысында Шымкенттен Алматыға бара жатқан екі автобус соқтығысты

Жамбыл облысында Шымкенттен Алматыға бара жатқан екі автобус соқтығысты, қаза болғандар бар, 30-дан астамы жараланды

455 0

Қайғылы оқиға жексенбі күні, 24 ақпанда, сағат 23.00-тен кейін Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Күйік асуында болды.

Оқиға орнында болған облыс прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің телефон арқылы хабарлауынша, "Шымкент-Алматы" бағытымен бара жатқан екі қосқабатты автобус жол-көлік апатына ұшыраған.

"Бірінші автобус қар тазалап жатқан грейдерге соқтығысты, екіншісі тежегішті іске қосуға үлгіре алмай қалып, бірінші автобусқа соқтығысты", - деп түсіндірді Х.Дәуешев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам қазаға ұшыраған, отыздан астам жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақаттар алған.

Оқиға орнына облыстық прокуратураның жедел тобы, полицейлер, ТЖД, бес "жедел жәрдем" машинасы келді.

Қазіргі кезде Жамбыл облысының жолдарында, әсіресе Күйік, Шақпақ-ата, Қордай асуларында ауа райының күрделі жағдайына байланысты қар жауып, көктайғақ болған, жолдың көрінуі нашар", деп хабарлады облыс ТЖД қызметі. 


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!