ОҚО-да оқушылар пышақтасып, оның екеуі ауыр жараланды

Фотография - ОҚО-да оқушылар пышақтасып, оның екеуі ауыр жараланды

Олардың бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

147 0

ОҚО-да мектеп оқушылары пышақтасты. Олардың бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Полиция әзірге қылмысқа кінәлілерді анықтай алмай отыр.

Жасөспірімдер арасындағы қақтығыс Ленгір қаласындағы №2 және 7-ші мектептің оқушылары арасында болған. Жоғары сыныпта білім алатындар түстен кейін қосымша сабақтан шығып, өзара келіспеушіліктерін шешпек болады. Бірақ соңы төбелеске ұласып, 2 бала пышақ жарақатын алды. Тағы бірі соққыға жығылған. 11 сынып оқушысының жағдайы нашар, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір ауруханада екі оқушы жатыр. Аяғынан пышақталған бір бала дәрігерлер қарағаннан кейін, үйіне жіберілген. Мұндай тәртіпсіздіктің не себепті орын алғанын аудандық білім бөлімі мамандары да анықтауға кіріскен.

Әзірге суық қару қолданғандарды табу да оңай болмай тұрған көрінеді. Тек осы оқиғаға қатысы бар деген жасөспірімдерден жауап алынып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Егер пышақ сілтеген жасөспірімдер анықталса, түрмеге тоғытылуы мүмкін.  Екі мектеп басшыларына да тиісті шара қолданылмақ. Айта өтейік, осы өңірде жасөспірімдер арасында өткен жылы да осындай қақтығыс болып, тіпті, салдарынан оқушы көз жұмған болатын.


Тегтер:

пышақтасты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!