«Мега Ақтөбе» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Фотография - «Мега Ақтөбе» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан  әйел ұсталды

«Мега Ақтөбе» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан 26 жастағы әйел ұсталды

415 0

Ақтөбелік полицейлер «Мега Ақтөбе» сауда орталығында бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқаны үшін 26 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Жалған ақпарат полицияға өткен жұмада келіп түсті.

Оқиға орнына, «Мега Ақтөбе» сауда-ойын сауық кешеніне жедел қызметтердің барлық наряды мен полиция шұғыл жетті. Олар мекемені қоршауға алып, келушілер мен қызметкерлерді -  екі мыңға жуық адамды сыртқа шығарды.  Абырой болғанда, саперлар жарылғыш затты тапқан жоқ.

Бір тәуліктің ішінде күдікті табылды. Анықталғандай, полицияға бомба туралы телефон шалған 26 жастағы әйел мас болған.

Қазіргі уақытта ол Ақтөбе қаласының уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 242 бабы бойынша (Жарылғыш зат жөнінде жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!