Төрт ақтөбелік адам ұрлағаны үшін ұсталды

Фотография - Төрт ақтөбелік адам ұрлағаны үшін ұсталды

29-35 жастардағы төрт ақтөбелікке адам ұрлауда күдікті деген айып тағылып отыр.

225 0

29-35 жастардағы төрт ақтөбелікке адам ұрлауда күдікті деген айып тағылып отыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 ақпанда полицияға 29 жастағы ер адам белгісіз біреулер оны ұрлап әкетіп, 300 мың теңге бопсалағаны жайлы арызданған.

Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, үш күн бұрын белгісіз екі адам оның танысынан ақша талап еткен. Ол әлгілермен сөйлесіп, арадағы келіспеушілікті шешкен.

Алайда 17 ақпанда оның өзін ұрлап әкеткен. Аяқ-киім жөндейтін шеберхананың жанына келген белгісіз төрт адам мұны күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Артынша  соққыға жығып, 300 мың теңге талап етеді. Содан кейін жекеменшік үйге әкеліп, байлап тастап, таңертеңге дейін ұстаған. Таңертең ер адам амалын тауып қашып шыққан күйі ішкі істер органына шағымданған.

Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында аталмыш қылмысқа күдіктілерді анықтап, ұстады. Әлгілер 29,30,33 және 35 жастағы төрт ер адам болып шықты. Екеуі бұған дейін істі болған. Олардың ең үлкені қылмыстық ортаның серкесі ретінде есепке алынған.

ҚР ҚК-нің 125 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер қамауға алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

Адам ұрлаған

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!