Павлодарлық полицейлер такси жүргізушісін өлтіруде күдіктілерді ұстады

Фотография - Павлодарлық полицейлер такси жүргізушісін өлтіруде күдіктілерді ұстады

Павлодарлық полицейлер такси жүргізушісін өлтіруде күдіктілерді ұстады

126 0

Павлодарлық полицейлер такси жүргізушісін өлтіруде күдіктілерді ұстады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

42 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар мүрдесі 15 ақпан күні «Курчатов-Ленин» тас жолының 202-шақырымынан табылды.

Жедел-іздеу шараларының барысында полицейлер Екібастұздың гараж қоғамдарының бірінен такси жүргізушісінің «БМВ» көлігін тауып, күдіктілерді анықтады. Олардың бірі - Оңтүстік Қазақстан облысының 1985 жылғы тумасы, ешқайда жұмыс істемейді, бұған дейін сотталмаған, Екібастұзда уақытша тұрды. Екіншісі - ешқайда жұмыс істемейтін 22 жастағы екібастұздық тұрғын.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмысты тергеу жалғастырылуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!