Павлодарлық полицейлер екі адамның өмірін қиған күдіктілерді оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді

Фотография - Павлодарлық полицейлер екі адамның өмірін қиған күдіктілерді оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді

 Ленинск кентінің 22 және 32 жастағы  тұрғындары екі кісіні өлтіру күдігімен ұсталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

167 0

 Ленинск кентінің 22 және 32 жастағы  тұрғындары екі кісіні өлтіру күдігімен ұсталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Олар танысының үйінде спирттік ішімдік ішкен, оның соңы үй иелерімен арадағы жанжалға ұласқан. Ұрыс-керіс салдарынан 80 және 45 жастағы екі адам мерт болды.

Кісі өлтіруде күдіктілер кейінірек  өздерімен бірге арақ ішкен, төбелес кезінде соққыға жығылған 55 жастағы көршінің аман қалғандығын байқамай қалған. Олар оның үстіне қан-жоса болғандардың денелерін тастап, бензин құйып өртеп жіберген.

Өлім аузынан аман қалған ол  әлгілер кеткен соң үйіне жеткен. Зайыбы шұғыл «102» нөміріне хабарласып, полицейлерді шақырады.

Кісі өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медицина сараптамасы белгіленді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!