Көлеңкелі бизнеспен айналысқандар жолы кесілді

Фотография - Көлеңкелі бизнеспен айналысқандар жолы кесілді

Алматыда Қаржы полициясы арнайы жасақ жауынгерлерінің қолдауымен екі астыртын ойынхана жұмысына тосқауыл қойды.

228 0

Алматыда Қаржы полициясы арнайы жасақ жауынгерлерінің қолдауымен екі астыртын ойынхана жұмысына тосқауыл қойды.

Ойынханалар қаланың Бостандық ауданында орналасқан. Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызыметі хабарлағандай, бірінші ойын залында покерге арналған 2 үстел, фишкалар мен карталар анықталған. Көлеңкелі бизнес айналымынан 70 мың теңгеден аса қаражат тәркіленді.

Екінші казинодан 10 покер үстелі мен 120 мың теңге табылды. Қылмыскерлерді ұстау кезінде залда 40-қа жуық ойыншы отырған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жақсылық ЖАҚҰБАЕВ, Алматы қаласы бойынша ЭҚЖСЖҚК департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тексеріс барысында олар тусініктемелерін қалдырып, кім ойыншы немесе кім осы заңсыз ойын залының қызметкері ретінде өзінің түсініктемелерін қалдырды. Қазіргі таңда нақты осы ойын залдарын ұйымдастырушы анықталғаннан кейін, соған қатысты қылмыстық іс қозғалатын болады.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!