Мектеп оқушысын қорқытып, ұялы телефонын тартып алған бұзақы ұстады

Фотография - Мектеп  оқушысын қорқытып, ұялы телефонын тартып алған бұзақы ұстады

Қапшағай қалалық ішкі істер бөліміне жәбір көрген жасөспірімнің анасы хабарласты.

219 0

Қапшағай қалалық ішкі істер бөліміне жәбір көрген жасөспірімнің анасы хабарласты.

Оның айтуынша, 14 жастағы ұлын белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, ұялы телефонын тартып алған.

Полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Анықталғандай, жасөспірімге мас болған 25 жастағы жергілікті тұрғын тиіскен. Ұялы телефон иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!