Қызылордада мал ұрлығы белең алуда

Фотография - Қызылордада мал ұрлығы белең алуда

 Қызылордада мал ұрлығы жиілеп барады. Кеше таңғы 5-тер шамасында «мал ұрлады», деген күдікпен бір азаматты жол сақшылары құрықтады.

187 0

 Қызылордада мал ұрлығы жиілеп барады. Кеше таңғы 5-тер шамасында «мал ұрлады», деген күдікпен бір азаматты жол сақшылары құрықтады. Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында тіркелген.


Күдік туғызған «Mercedes-Benz» автокөлігін тоқтатқан жол сақшылары, оның жүк салғышынан сойылған малдың етін тәркіледі. Күдіктінің айтуынша, қасындағы азамат екеуі жол жиегінде жайылып жүрген бөтеннің жылқысын атып, мүшелеген бойда көлікке салып алған.


Нұрғали Әбдіраманов, облыстық Жол полициясы басқармасының инспекторы:

Автокөлікті тоқтатып, автокөліктің құжаттарын тексердік. Алайда, күдікті ретінде көрінгеннен кейін жүргізушіден көліктің жүк салғышын ашуды өтіндік. Алайда, көлік жүргізуші көліктің жүк салғышын ашудан бас тартты. Автокөліктің артқы салонын тексерген кезде, салон ішінен 1 аңшы мылтығы, 2 қолдан жасалған пышақ және 1 балта шықты. Тексерген кезімізде жылқы етін балтамен бөлшектегені анықталды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!