Ақмола облысында оқушыға қарақшылық шабуыл жасаған үш жігіт 5-тен 6 жылға сотталды

Фотография - Ақмола облысында оқушыға қарақшылық шабуыл жасаған үш жігіт 5-тен 6 жылға сотталды

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш жігітке, соның ішінде біреуі кәмелет жасына толмағанға  қатысты қарақшылық жасаған деген айыппен түскен .

138 0

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш жігітке, соның ішінде біреуі кәмелет жасына толмағанға  қатысты қарақшылық жасаған деген айыппен түскен қылмыстық істі қарады деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.


Істің материалдарына сәйкес, 2012 жылдың тамыз айында, кешкі уақытта олар мектеп маңында жәбірленушіні ұстап алып ақша беруін талап еткен. Жәбірленушінің ақшасы жоқтығына байланысты бере алмайтындығын білген олар алдымен күш көрсетіп ұрып-соққан, кейіннен тапаншамен және пышақпен қорқытып қарсылық көрсетпеуін талап ете отырып, К-нің қалтасындағы екі ұялы телефоны мен үстіндегі спорт киімін үптеп кеткен. Сөйтіп оқиға болған жерден жым-жылас тайып отырған.

«Сот үкімімен олар ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі «а» тармағында көзделген қылмыс түрін жасағаны үшін кінәлі деп танылды»,-делінген хабарламада.


Сотталғандардың біреуі дүние мүлкі тәркіленіп, ортақ тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, екіншісі де дүние мүлкі тәркіленіп, ортақ тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, үшіншісі кәмелетке толмағандығы ескеріліп дүние-мүлкі тәркіленген жоқ, сот оны ортақ тәртіптегі тәрбиелеу калониясында жазасын өтеу үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!