Өскеменде өрттен 18 адам құтқарылды, 32-сі қауіпсіз жерге көшірілді

Фотография - Өскеменде өрттен 18 адам құтқарылды, 32-сі қауіпсіз жерге көшірілді

Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 18 адам құтқарылды, тағы 32-сі қауіпсіз жерге көшірілді.

224 0

Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 18 адам құтқарылды, тағы 32-сі қауіпсіз жерге көшірілді,

деп хабарлады бүгін Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, жалын Виноградов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында тұтанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтердің терезе жақтаулары, ішіндегі жиһаздар мен жеке заттар отқа оранып жатты.

18 адам тілсіз жаудан құтқарылды, олардың екеуі балалар. Тағы 32 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Мамандардың сөзіне қарағанда, төтенше жағдай отты абайсыз пайдалану салдарынан болды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!