Полиция қызметкері қару сатқаны үшін 2 жылға сотталды - ОҚО

Фотография - Полиция қызметкері қару сатқаны үшін 2 жылға сотталды - ОҚО

Тәртіп сақшысы қару сақтағаны және сатқаны үшін қылмыстық жазаға тартылды.

165 0

Тәртіп сақшысы қару сақтағаны және сатқаны үшін қылмыстық жазаға тартылды.

Оған қоса сотталушы үш жылға дейін тәртіп сақшысы қызметін атқара алмайды. Бұл туралы ОҚО апелляциялық алқа судьясы Таубай Қадырбаев мәлім етті.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшысы ОҚО тұрғындары «Қару» шарасы барысында тапсырған қаруды сатқан. Полицей АІІБ-де қаруды алып жүруге рұқсат беретін инспектор қызметін атқарған.

Аталмыш іс бойынша өтіп жатқан сот үдерісі алғашқы емес, бұған дейін Түлкібас аудандық соты инспектордың 2 жылға шартты түрде сотталуы жеткілікті деген шешім қабылдаған болатын. Алайда прокуратура бұл шешімге қарсылық танытты,  ОҚО апелляциялық алқасы қадағалаушы органның бұл талабын қанағаттандырды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!