Тараздың жеті кәсіпорны қызметкерлеріне желтоқсандағы жалақы бойынша қарыздарын өтеді

Фотография - Тараздың жеті кәсіпорны қызметкерлеріне желтоқсандағы жалақы бойынша қарыздарын өтеді

Тараздың жеті кәсіпорны қызметкерлеріне желтоқсандағы жалақы бойынша қарыздарын өтеді, деп хабарлады қадағалау органынан.

230 0

Тараздың жеті кәсіпорны қызметкерлеріне желтоқсандағы жалақы бойынша қарыздарын өтеді, деп хабарлады қадағалау органынан.

Тараз қаласының прокуроры Бағлан Телеудің хабарлауынша, прокурорлық тексеру облыс орталығының жеті кәсіпорнында еңбек заңнамасының бұзушылықтарын көрсетті. Олардың 2012 жылдың желтоқсан айында 2 900 жұмысшы алдында жалақы бойынша борыштары болды.

«Тараз Су» МКК, сондай-ақ «Жасыл  ел - Тараз», «ЖМФ-Имсталькон», «Тараз металлургия зауыты», «ЦАСК», «Догду Билд компаниясы», «SINUR-OIL» серіктестіктерінің  жұмысшылар алдында 142 млн. теңгеден астам соманы құрайтын қарыздары болды», - деп нақтылады қала прокуроры.

Жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Тараз қаласының прокуратурасы кәсіпорындарға заңдылықтың бұзушылықтарын жою туралы ұсыным жолдады.

Бүгінде барлық 2 904 қызметкер алдындағы қарыздар өтелді, азаматтардың еңбекақы бойынша конституциялық құқықтары қорғалды, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!