Өскемен әуежайының қызметкері есірткі сату барысында ұсталды

Фотография - Өскемен әуежайының  қызметкері есірткі сату барысында ұсталды

Жақында Защита стансысы Желілік полиция бөлімі (ІІЖБ) Өскемен қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен 2 келіден аса есірткі затын тәркіледі. 

195 0

Жақында Защита стансысы Желілік полиция бөлімі (ІІЖБ) Өскемен қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен 2 келіден аса есірткі затын тәркіледі.  

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкері бейтаныс ер адамға арнайы өзіндік иісі бар өсімдік тәрізді зат салынған 1 полиэтилен пакетін заңсыз өткізді. Сарапатама қорытындысы бойынша аталған зат салмағы 56,72 грамм марихуана есірткі заты болып шықты.

Факті бойынша ҚР ҚК   259-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің әрекеттері бірнеше рет құжаттандырылды. 22 ақпан күні Защита стансысының ІІЖБ-нің жедел уәкілдері оны кезекті есірткі партиясын сату кезінде ұстады.  Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден арнайы өзіндік иісі бар өсімдік тәрізді зат салынған 1 полиэтилен бумасы табылды.  Сараптама оның 150 грамм марихуана екендігін анықтады.   

Прокурордың рұқсат беруімен  күдіктінің пәтерін тінту кезінде ас үй бөлмесінен  1929,82 грамм марихуана есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдіктінің автокөлігінен тағы да 3 грамм есірткіні тапты. 

Сол күні Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкері қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.  2013 жылғы 24 ақпан күні оған «тұтқынға алу» шарасы қолданды.

Қазіргі қылмыстық іске қатысты жан-жақты әрі толық тергеу амалдары жүргізілуде. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!