Ақмолада діни ұйым мүшелері үстінен іс қозғалды

Фотография - Ақмолада діни ұйым мүшелері үстінен іс қозғалды

Ақмола облысында "дәстүрлі емес" діни ұйым өкілдеріне "заңсыз алтын өндірумен айналысты" деген айып тағылып отыр.

244 0

Ақмола облысында "дәстүрлі емес" діни ұйым өкілдеріне "заңсыз алтын өндірумен айналысты" деген айып тағылып, қылмыстық қозғалды деп хабарлайды облыстық қаржы полициясы департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Департаменттің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, діни ұйымның бірнеше мүшесінің үстінен "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оларға "қылмыстық топ құрып, облыстың Бестөбе елді мекеніндегі кеніштен алтыны бар материалды заңсыз өндіріп, өңдеумен және оны сатумен айналысты" деген айып тағылып отыр.

Қаржы полициясының баспасөз қызметі жүргізілген арнайы операция барысында олардан алтыны бар материалдарды өңдейтін құрылғылар, 6 килограмнан астам құрамында алтыны бар материал табылғанын" айтады. Құқық органдары тінту кезінде діни ұйым мүшелерінен "діни әдебиеттер мен атыс қаруын тәркілеген".

"Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы тұтқындалды. Іс тергеліп жатыр" дейді баспасөз қызметі.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!