Пайдакүнемдікпен қос қарттың өмірін қиған азамат тұтқындалды

Фотография - Пайдакүнемдікпен қос қарттың өмірін қиған азамат тұтқындалды

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері пайдакүнемдік мақсатта екі кісінің өліміне әкеліп соққан қылмысты әшкереледі.

126 0

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері пайдакүнемдік мақсатта екі кісінің өліміне әкеліп соққан қылмысты әшкереледі.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-нің мәліметтерінде айтылды.

«24 ақпанда Зырян ауданы Первороссийск ауылындағы өз үйлерінен буындырылып өлтіру іздері бар 67 жастағы азаматшаның және пышақ жарақатынан көз жұмған 72 жастағы отағасының мәйіттері табылған болатын. Сол күні өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері ауыр дене жарақаттарын салу мен ұрлық фактілері үшін бұрын сотты болған 28 жастағы ауыл тұрғынын құрықтады»,-делінген таратылған мәліметтерде. 

Ұсталған азамат спирттік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал барысында ерлі-зайыптыларды жайратып салған соң, оларға тиесілі ұялы телефон мен 95 мың теңгені қолды етіп, оқиға орнынан із жасырғанын мойындады. Күдіктіні ұстау кезінде одан ұрланған ақшаның жартысына жуығы табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!