Атырауда студент қызға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Фотография - Атырауда студент қызға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-нің мәліметтерінде хабарланды.

258 0

Атырау қаласында студент қызға қарақшылық шабуыл жасап, 445 мың теңгенің дүние-мүлкін қолды еткендер ұсталды.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-нің мәліметтерінде хабарланды.

«Жәбірленушінің ата-анасы таңғы сағат 8.30 шамасында жұмыстарына шығып кеткен, артынша есік қайта қағылған. «Әкеңіз жұмсады» деп, есікті аштыртқаннан кейін беттерін медициналық бетперделермен тұмшалаған 4 адам үйге баса көктеп кірген. Пышақпен қаруланған қарақшының біреуі жәбірленушіні қонақ күту бөлмесіне алып кетеді де, қалған үшеуі үйді тінте бастайды. 10 минуттан соң қарақшылар үйден алтын бұйымдар, ноутбук және 3 мың теңгені қолды қылып, белгісіз бағытта іздерін жасырады»,-делінген таратылған мәліметтерде. 

Одан бөлек, сол күні күдіктілер зейнеткердің үйіне де қарақшылық шабуыл жасаған. Алайда, ақсақал қарсылық көрсетіп, олардың бірінің бетпердесін сыпырып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, 18-25 жас аралығындағы Атырау облысының 7 тұрғыны құрықталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.  Күдіктілер қолға түскен жалдамалы пәтерден травматикалық тапанша, үш дана ас үй пышағы мен ноутбук табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!