Полицейге қол көтеріп, 6 айға сотталды

Фотография - Полицейге қол көтеріп, 6 айға сотталды

Теректі аудандық соты қызметтік міндетін орындап жүрген полиция қызметкеріне күш көрсеткен ер адамды алты айға бас бостандығынан айырды.

280 0

Теректі аудандық соты қызметтік міндетін орындап жүрген полиция қызметкеріне күш көрсеткен ер адамды алты айға бас бостандығынан айырды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ата-енесінің үйінде бірге тұрған аталмыш азамат жиі жанжал шығарған. Кезекті рет балағат сөздерді естіген ер адамның ата-енесі учаскелік инспекторға шағымданған.  Бұзақы шақырту бойынша келген полиция қызметкерінің киімін жыртып, ұрып-соққан. Полицейдің ырқына әрең көнген жанжалқой ішкі істер бөліміне жеткізілді.

ҚР ҚК 321-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 6 ай жазасын колонияда өтеп, маскүнемдіктен емделетін болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!