Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті 3 дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартуда

Фотография - Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті 3 дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартуда

 Есірткілерді дайындауға қолданылатын құрамында кодеині бар дәрілік құралдарды сату тәртібі бұзылған 18 факті анықталды.

279 0

 Есірткілерді дайындауға қолданылатын құрамында кодеині бар дәрілік құралдарды сату тәртібі бұзылған 18 факті анықталды.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Жанат Битенов мәлім етті.

Атап айтқанда, ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті ағымдағы жылғы 18-22 ақпан аралығында республика аумағында «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін өткізді. Операцияның негізгі мақсаты есірткі контрабандасын, бақылаудағы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымға жылыстату фактілерін анықтау болып табылады.

Оның айтуынша, операция барысында есірткінің айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын 554 жеке кәсіпкерлік субъектісін, оның ішінде 234 дәріхана, 65 қойма, 143 емдеу-профилактикалық мекемесі және 112 кәсіпорын тексерілді. Есірткі заттарын, психотроптық немесе улы заттарды сақтау, есепке алу және сату ережелерін бұзғаны үшін, лицензиясы немесе сертификаты жоқ болғанына қарамастан, медициналық қызметпен айналысқаны үшін 14 қылмыстық іс қозғалды.

Заңсыз айналымнан 28 тоннадан астам прекурсор  және дәрілік есірткі заттарының 22572 ампуласы және 80 таблеткасы, психотроптық заттардың 9079 ампуласы мен 96447 таблеткасы тәркіленді. Операция барысында дәріханаларда дезоморфин тәрізді синтетикалық есірткілерді дайындауға қолданылатын құрамында кодеині бар дәрілік құралдарды сату тәртібі бұзылған 18 факті анықталды. Аталған ережелерді сақтамағаны үшін 3 дәрігер қылмыстық жауапкершілікке,  171 адам әкімшілік жауапкершілікке (оның ішінде 41 медицина қызметкері) тартылады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!