Жерлесін сирек кездесетін көгершін үшін өлтірген

Фотография - Жерлесін сирек кездесетін көгершін үшін өлтірген

Түркістан қаласының тұрғыны жерлесін сирек кездесетін көгершін үшін өлтірген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-сінің баспасөз қызметі. 

182 0

Түркістан қаласының тұрғыны жерлесін сирек кездесетін көгершін үшін өлтірген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-сінің баспасөз қызметі.   


Баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қаласында, 2011 жылы орын алған адам өліміне қатысты бар күдіктіні құрықтады. 2011 жылы 25 мамырда, Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдемнен хабарлама келіп түскен. Ол хабарламада, жекеменшік үйлердің бірінен 50-55 жас шамасындағы, зорлықпен өлтірілген ер азаматтың мәйіті табылғаны туралы айтылған. Оқиға орына жеткен жедел-тергеу тобының анықтағаны, өлген азамат 1963 жылы туылған, сол жердің жергілікті тұрғыны екен, оның өліміне басынан алған ауыр жарақат себеп болған. Оқиға орын алған жерден сарапшылар адам қаны жағылған терім сүйменді (лом) алған.

«Осы оқиғадан соң екі жыл өткенде, Түркістан ҚІІБ-ның жедел-іздестіру тобы, 1963 жылы туылған бұрын бірнеше рет сотты болған, азаматты күдікті ретінде құрықтады», - делінген хабарламада.


Тергеу кезінде құрықталған күдікті өз істегенін мойындаған. Ол өз сөзінде, жәбірленуші сияқты ол да кептер өсіруді ұнатқан. Сол оқиға орын алатын күні жәбірленуші, күдіктіні үйіне шақырып өзіндегі кептерді көрсетіп мақтанған, ол мұндай кептер өзінен басқа Түркістан қаласында ешкімнен таба алмайтынын айтып мақтанған.


«Ертесіне кешкісін күдікті, жәбірленушінің кептерін ұрламақ болып аулаға кіргенде, оны үйдің иесі көріп қойып оның арқасынан күрекпен ұрған. Осы кезде екеу арасында жанжал шығып төбелес басталып күдікті жерде жатқан сүйменді (лом) алып, жәбірленушінің басынан бірнеше мәрте соққы берген ал, жәбірленуші алған ауыр жарақатынан сол жерде мерт болған. Оның өлгенін білген күдікті ешнәрсе алмастан оқиға болған жерден қашып, кетіп ізін суытқан», - делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 96 бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!