Ақтөбелік полицейлер екі адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады

Фотография - Ақтөбелік полицейлер екі адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады

Өткен аптада Есет батыр көшесіндегі пәтерлердің бірінде екі адам өлтірілді, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

170 0

Өткен аптада Есет батыр көшесіндегі пәтерлердің бірінде екі адам өлтірілді, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына Ақтөбе қалалық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы және облыстық ІІД-нің басшылығы келіп жетті. Оқиға орнында ізі суымай 43 жастағы ер адам ұсталды.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, бір күн бұрын кешке пәтерге жәбірленушілер келген. Бұл кезде үйдің иесі мен оның танысы мас күйінде болды. Арада орын алған жанжал кезінде үйдің иесі екі жәбірленушіге пышақ салған, олар алған жарақаттарынан мерт болды.

Бұдан кейін пәтер иесі танысына хабарласыпты, өз кезегінде танысы бұл туралы полицияға хабарлады.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат қамауға алынды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары өткізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!