Ақтөбе облысында төрт адам пойыз астына түсті

Фотография - Ақтөбе облысында төрт адам пойыз астына түсті

Ақтөбе облысында жол шебері мен жөндеуші жүк пойызының астына түсіп мерт болды, екі адам ауруханаға жеткізілді

292 0

Ақтөбе облысының Алға ауданында, «Бақай-Тоқмансай» өткелінің 166 шақырымында, «Никельтау-Қандыағаш» учаскесінде кеше сағат 15.30-да жөндеу жұмыстарын атқару барысында Қандыағаш стансасы №6 теміржол бөлімінің 4 жолшысы абайсызда жүк пойызының астына құлап кетті.

40 жастағы жол шебері мен 34 жастағы жол жөндеушісі оқиға орнында көз жұмды, 36 және 45 жастағы жол жөндеушілері түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!