Атырауда 4 ресейлік түзеу мекемесіне тоғытылды

Фотография - Атырауда 4 ресейлік түзеу мекемесіне тоғытылды

Олар түзеу мекемесіне тоғытылды.

229 0

Атырау қалалық соты ҚР Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен РФ-ның төрт азаматына қатысты үкім шығарды. Олар түзеу мекемесіне тоғытылды.

Ел аумағында заңсыз балық аулаған Дағыстан тұрғындары өткен жылы күзде қолға түскен.  Шекарашылардың тікұшағын көрген браконьерлер балық пен аулау құралдарын суға лақтырып, қашуға әрекеттенген. Шекарашылар қару қолдануға мәжбүр болды. Жарақаттанған екі дағыстандық Атыраудағы ауруханаға жеткізілді. Емделіп болған соң біреуі қашып кеткен.

Сот үшеуін бір-бір жылдан бас бостандығынан айырды, ал бұдан бұрын  ҚР-да браконьерлігі үшін жауапқа тартылған тағы біреуі екі жылға сотталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!