Қызылорда облысында зейнеткер өз ұлын пышақтап өлтірді

Фотография - Қызылорда облысында зейнеткер өз ұлын пышақтап өлтірді

Қызылорда облысында 66 жастағы зейнеткер арақ ішіп келген ұлын пышақтап өлтірді

229 0

Қызылорда облысында 66 жастағы зейнеткер арақ ішіп келген ұлын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

«2013 жылдың ақпан айының 26 күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылындағы жеке үйден 1981 жылы туған Қ.Ж. деген азаматтың пышақ жарақатынан қайтыс болған мәйіті табылған. Тексеру барысында 26.02.2013 жылы сағат 14:30-да Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының 1947 жылы туған Т.Ж. өзімен бірге тұратын баласы мас күйінде келіп, жанжал шығарған соң, ашумен ұлының оң жақ кеуде тұсынан 2 рет асхана пышағымен ұрған, Қ.Ж. алған пышақ жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды», - делінген хабарламада

Қазіргі таңда Т.Ж. ұсталды, ол қылмысын толық мойындап отыр, ҚР ҚК-нің 96 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, Жаңақорған АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!