БҚО полицейлері 25 жасар әйелді атып өлтіру қылмысын ашты

Фотография - БҚО полицейлері 25 жасар әйелді атып өлтіру қылмысын ашты

27 ақпан күні Бөрлі ауданы Александров ауылында өз үйінде атып өлтірілген 25 жасар Н. деген әйелдің мүрдесі табылды.

140 0

27 ақпан күні Бөрлі ауданы Александров ауылында өз үйінде атып өлтірілген 25 жасар Н. деген әйелдің мүрдесі табылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, департаменттің криминалдық полиция басқармасы мен Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер сол ауылдың 33 жасар тұрғынын ұстап, одан аңшы мылтығын тәркіледі. Тергеу барысында анықталғанындай, үш ер адам ұсталған күдікті 1980 жылғы азаматтың үйінде арақ ішкен. Қонақтардың біреуі үйіне кеткен. Екінші мейман мен үй иесінің арасында жанжал туындаған. Бірақ ол да үйіне қайтқан. Мұнымен тыншымаған үй иесі мылтық алып, өзімен керіскен азаматты іздеп шыққан. Оның үйінің есігін қаққан кезде әйелі ашқан бойда оқ атқан.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!