Жезқазғанда ер адам мас күйінде анасын өлтіріп алды

Фотография - Жезқазғанда ер адам мас күйінде анасын өлтіріп алды

Кеше Жезқазған ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері өз анасын өлтірген 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады

141 0

Кеше Жезқазған ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері өз анасын өлтірген 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тергеу барысында анықталғандай, жас азамат еш жерде жұмыс істемеген және ішімдікке әуес болған. Кезекті рет мас күйінде үйіне келген ол жұмысқа тұрып, арағын қоюды өтінген анасымен ұрыса бастады. Ол сөздер ашуына тиген азамат анасын соққының астына алған. Ұрып-соғуын әйелде тіршілік белгілері байқалмағаннан кейін қойған. 

Қазіргі кезде ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде, ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!