Шалқар қаласында оқпен атылатын қаруды ұстаған екі жасөспірім ұсталды

Фотография - Шалқар қаласында оқпен атылатын қаруды ұстаған екі жасөспірім ұсталды

Жасөпірімдердің бірінің кеудешесінің жеңінен 16-шы калибрлі қос ауызды аңшылық шолақ мылтығы табылды.

156 0

Полицейлер рейдтерді өткізу кезінде Шалқар қаласының көшесінде өздерімен бірге оқпен атылатын қаруды алып жүрген 17 жастағы екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жасөпірімдердің бірінің кеудешесінің жеңінен 16-шы калибрлі қос ауызды аңшылық шолақ мылтығы табылды.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 251 бабы («Оқпен атылатын қаруды заңсыз сақтау») бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде, сараптама тағайындалды. Ұсталған жас азаматтың айтуынша, алынған қаруды ол қоқыс тастайтын орыннан тапқан көрінеді.

Қазіргі уақытта Шалқар АІІБ-нің тергеу бөлімі қарудың қайдан шыққанын анықтауда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!