Жең ұшынан жымқырған шенеунік

Фотография - Жең ұшынан жымқырған шенеунік

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында лауазымды қызмет атқарған шенеунік жүйке ауруына шалдыққан болып шықты.

424 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында лауазымды қызмет атқарған шенеунік жүйке ауруына шалдыққан болып шықты.

Елу бір жастағы ауданның бас сәулетшісі кәсіпкерден 20 мың АҚШ долларын талап еткен. Абылай Байғазиевқа 2010 жылы аса ірі көлемде пара алды деп айып тағылған. Екі жылдан бері қашып жүрген бас сәулетшінің қорғаушысы сотқа оның ұзақ мерзімде жүйке ауруына шалдыққан деген анықтамасын әкеп береді. Осылайша лауазым иесі бұрыннан есі ауысқан болып шыға келеді. Есесіне ортада жүрген аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Қуандық Мұратбеков он жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын түзеу мекемесінде өтеуге кесіледі. Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының  төрағасы осы іске қатысты облыс әкімінің атына жеке қаулы жолдады. Онда аудандағы лауазымды қызметті психикалық дертке шалдыққан адамға сеніп тапсырған әкімдік қызметкерлеріне шара қолдану жөнінде айтылған. Ал, бас сәулетші істеген әрекетіне қарай  мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айырылуы керек еді. Бірақ жүйке ауруына шалдығуына байланысты оған қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылғанын жария етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты аса ауыр қылмысты ұйымдастырған адам сол ауданның бас арихитекторы психикалық ауруға шалдығуына байланысты қазір соттың қаулысымен мәжбүрлеп арнайы мекемеде емделуде. Қай уақытта оны емдеп жатқан дәрігерлер бізге оның жазылып шыққандығы туралы ұсыныс береді сол кезде оның тағдыры ары қарай шешіледі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!