Ақтөбелік тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Фотография - Ақтөбелік тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Ақтөбеде 21 ақпанда «Ақтөбрентген» бағбандық алқабында 16 жастағы жеткіншек асылып өлді

156 0

Ақтөбеде 21 ақпанда «Ақтөбрентген» бағбандық алқабында 16 жастағы жеткіншек асылып өлді.

Өз-өзіне қол салған жеткіншекті оның туыстары түнде жуынатын бөлмеде электр сымына асылған күйінде тапты.

9 сынып оқушысының отбасы 2005 жылы Қарақалпақстаннан қоныс аударған. Ұстаздарының сөзіне қарағанда, марқұм баланың отбасы саяжайда тұрған.

Сол күні ол түнге дейін әлеуметтік желіде отырған. Анасы қайғылы оқиға орын алмас бұрын баласының інілерімен ойнап отырғанын айтты.

Полицейлердің болжамы бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол салған. Қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде, оқиғаның себептері анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!