Астанада қарақшылар тобы 22 жастағы жігіттің қымбат көлігін тартып алды

Фотография - Астанада қарақшылар тобы 22 жастағы жігіттің қымбат көлігін тартып алды

Тексеру барысында анықталғандай, жәбірленуші көлігін сатпақ болып,  сатып алушымен кездесуге келіскен.

205 0

27 ақпанда Астана қалалық ІІД «Сарыарқа» аудандық Ішкі істер басқармасына елорданың 22 жастағы тұрғыны белгісіз біреулер құны 8 млн. теңге тұратын «Тойота Ланд Крузер 200» көлігін ұрлап кеткені жөнінде шағымданды.

Тексеру барысында анықталғандай, жәбірленуші көлігін сатпақ болып,  сатып алушымен кездесуге келіскен. Белгіленген жерге келгеннен кейін, көлікті алуға ниетті жігітпен кездеседі. Сатып алушы өз кезегінде көлікке техникалық тексеру жасау керек деген желеумен жәбірленушіні техникалық тексеру стансасына алып барады.

Онда көлікті жабық боксқа кіргізген. Ал олармен ілесе кірген белгісіз адамдар автоның иесін соққыға жығып, байлап тастайды да, «Ланд Крузерге» отырып кете барады.

Байлаудан босағаннан кейін жәбірленуші полицияға келіп, мән-жайды хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағаттан кейін көлікті мініп кеткен күдікті адамдарды құрықтады. Анықталғандай, аталған қылмысқа 8 адам қатысқан және олардың басым көпшілігі бұрындары істе болған. Қазіргі кезде ұсталғандар қылмыстарын мойындады. Қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!