Әскери институтының екі қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған

Фотография - Әскери институтының екі қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының екі қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған

232 0

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының екі қызметкеріне қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Институттың ақпараттық-техникалық бөлімінің және көшіру-көбейту техникасы бөлімінің басшыларына атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 250 мың теңге алды деген айып тағылып отыр.

Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Аманбек Тажимишев  хабарлағандай, жеке кәсіпкер оргтехника жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары бойынша институтпен келісімшарт жасасқан. Келісімшарттың мерзімі 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталғанымен атқарылған жұмыстар актісіне қол қойылмаған. Актіге қол қою үшін институт қызметкерлері кәсіпкерден ақша талап еткен. Ал жұмыстардың атқарылғаны не атқарылмағаны әзірге белгісіз, тексеру амалдары жүргізілуде.

Кәсіпкер қаржы полициясына шағымданған, ақшаны тапсыру кезінде күдіктілердің бірі ұсталды.

«Ұсталған әскери қызметкерлердің кінәсі қазірдің өзінде дәлелденді. Сенбі күні сот қамауға алуға санкция берді. Олар алдын ала тексеру амалдары кезінде екі ай бойы тергеу изоляторында болады», - деді А. Тажимишев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!