«Эйр Астана» әуекомпаниясының жолсерігінен есірткі заты табылды

Фотография - «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолсерігінен есірткі заты табылды

27 ақпан күні әуежай аумағында патрульдік қызметтің назарына, белгіленбеген жерде темекі тартып тұрған азамат көзге түседі

238 0

Алматыда «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолсерігінен есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

27 ақпан күні әуежай аумағында патрульдік қызметтің назарына, белгіленбеген жерде темекі тартып тұрған азамат көзге түседі. Кішігірім бұзақылық қылығы үшін 1980 жылы туған «Эйр Астана» компаниясының жолсерігін әуежайдағы кезекші бөліміне алып келген сақшылар оның әмиянынан жасыл түстес зат тапты.

Сараптама көрсеткеніндей, бұл 0,87 грамм каннабис шәйірі болып шықты. Аталмыш факт бойынша әкімшілік материал жасалды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!