Қарағандыдағы фирмалардың бірінде әдейі қарақшылық шабуыл ұйымдастырылды

Фотография - Қарағандыдағы фирмалардың бірінде әдейі қарақшылық шабуыл ұйымдастырылды

Қарағандыда фирмалардың бірінде қызметкерлер 20 млн. теңге көлемінде ірі соманың жетіспеушілігін жасыру үшін әдейі қарақшылық шабуыл ұйымдастырған

183 0

Қарағандыда фирмалардың бірінде қызметкерлер 20 млн. теңге көлемінде ірі соманың жетіспеушілігін жасыру үшін әдейі қарақшылық шабуыл ұйымдастырған, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылдың 28 ақпанында ЖШС-нің бухгалтері полицияға шағымданды. Оның айтуынша, таңертең фирмаға қарақшылық шабуыл жасалған. Әйел белгісіз біреу пышақпен қорқытып, 18 млн. теңге салынған сөмкені алып кеткенін айтты», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел-іздестіру тобы жіберілді.

«Жүргізілген тексеру және жедел-іздестіру шараларының барысында анықталғандай, аталмыш қылмысты фирманың екі қызметкері - 28 жастағы бухгалтер мен 37 жастағы дилер өздері қолдан жасаған. Бухгалтердің түсініктемесі бойынша, 20 млн. теңге көлемінде қаржы кем болған. Осыған байланысты дилерге қарақшылық шабуыл оқиғасын ұйымдастыру туралы ой келген».

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бухгалтер мен дилер Қарағанды қаласының уақытша оқшаулау абақтысына тоғытылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!