ОҚО-да полиция полковнигі 30 мың теңге көлеміндегі пара алу үстінде ұсталды

Фотография - ОҚО-да полиция полковнигі 30 мың теңге көлеміндегі пара алу үстінде ұсталды

 Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш АІІБ бастығының орынбасары пара алу үстінде ұсталды.

173 0

 Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш АІІБ бастығының орынбасары пара алу үстінде ұсталды.

2013 жылдың қаңтарында полицияға Сарыағаш ауданының тұрғыны АІІБ бастығының орынбасары оның жылыжайында жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарына тосқауыл қоймауы үшін пара сұрап жатқанын мәлім еткен.

Жедел-іздеу шараларының барысында ОҚО ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Сарыағаш АІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигін Шымкент көшелерінің бірінде 30 мың теңге көлеміндегі пара алу үстінде ұстады. Айғақ дәлелдер ретінде ақшалай заттар алынды.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!