Оралда «террорлық» айыбымен 3 адамға сот басталған

Фотография - Оралда «террорлық» айыбымен 3 адамға сот басталған

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында терроризм айыбы тағылған үш ер адамның үстінен қозғалған іс бойынша жабық сот процесі басталды

367 0

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында терроризм айыбы тағылған үш ер адамның үстінен қозғалған іс бойынша жабық сот процесі басталды деп хабарлайды BNews агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің жұма күні берген ақпаратында сот процесінің нақты қай күні басталғаны көрсетілмеген. Тек әлгі үш азаматқа қарсы қылмыстық кодекстің 233 («Террорлық топтың қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысу») және 179 («Топтасып қарақшылық жасау») баптары бойынша айып тағылғаны айылған.

Ал террорлық топтың жетекшісі Қазақстаннан тыс жерде деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!