4 мыңнан астам пираттық дискіні тәркіледі

Фотография - 4 мыңнан астам пираттық дискіні тәркіледі

СҚО полицейлері «Контрафакт» операциясының үш күнінде 4 мыңнан астам пираттық дискіні тәркіледі

321 0

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Контрафакт» операциясын өткізудің үш күнінде әділет қызметкерлерімен бірлесіп 30-ға жуық сауда нүктесіне тексеру жүргізді.

Нәтижесінде төрт мыңнан астам дискі тәркіленді, деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының аға оперативтік уәкілі Руслан Бейсеновтың сөзіне қарағанда, «Контрафакт» шұғыл-алдын алу іс-шарасы контрабандалық арналардың жолын кесу мақсатында өткізілді.

Мәселен, облыс орталығындағы дүкендердің бірінен полицейлер фильмдер мен музыкалар жазылған дискілердің екі мыңнан астам данасын тәркіледі. Конртафактілік өнімдер сөреге қалай түскендігін сатушы түсіндіре алмады. Дискіге құжаттар болмады. Сатушыға «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу» бабы бойынша айыппұл салынады. Айыппұл сомасы 200 айлық есептік көрсеткішке, яғни 350 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Дискілерден бөлек полицейлер пираттық ойындар мен фильмдер сақталған ноутбук пен процессорды тәркіледі. Қазіргі уақытта өнім сараптамадан өтуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!