Оралда өз анасын ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарылды

Фотография - Оралда өз анасын ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарылды

Орал қалалық соты өз анасын өлтірген 42 жасар азаматты бос бостандығынан айырды.

208 0

Орал қалалық соты өз анасын өлтірген 42 жасар азаматты бос бостандығынан айырды.

Ішімдікке тойып алған ер адам анасын балдақпен ұрып өлтірген. Қалалық сот судьясы Ұ.Мұқанғалиеваның хабарлауынша, қайғылы оқиға 2012 жылдың 28-ші қазанында Сарытау шағын ауданында орын алған.

«Ішімдік ішіп келген ұлы мен анасы жанжалдасып қалған. Сосын ұлы 62 жасар анасын қолымен, одан кейін өзінің балдағымен соққыға жыққан. Ес-түсін жоғалтқан әйел ауруханада көз жұмды.

Сот-медициналық сарапшылар оның ауыр соққыдан қаза болғанын анықтады. Әйелдің бірнеше жерден сүйегі сынып, ішкі органдарына зақым келген», деді судья.

ҚР ҚК 103 бабы, 3 бөлімі бойынша айып тағылған азаматқа жалпы режимдегі колонияда 7 жыл жазасын өтеуге үкім шығарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!