258 мың теңгені қолды еткен «қалта ұрысы» ұсталды

Фотография - 258 мың теңгені қолды еткен «қалта ұрысы» ұсталды

Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы мен «Алматы» аудандық ІІБ-нің полицейлері қалта ұрлықтарын жасағаны үшін бұған дейін бірнеше рет істі болған 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

178 0

Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы мен «Алматы» аудандық ІІБ-нің полицейлері қалта ұрлықтарын жасағаны үшін бұған дейін бірнеше рет істі болған 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Полицияға Астанада тұратын әйел хабарласып, белгісіз адам автобус аялдамасында оның қалтасынан әмиянын, құжаттарын, жалпы сомасы 258 мың теңгені құрайтын банкомат карточкаларын ұрлап кеткендігін айтқан.

Астаналық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған, тәжірибесі бар «қалта ұрысын» ұстады. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлімімен (ұрлық, яғни өзгенің мүлкін жасырын түрде ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ Сарыарқа және Есіл аудандық соттарында күдікті азаматқа қатысты бұған дейін де қалта ұрлықтарын жасағаны үшін қылмыстық істер қарау үстінде жатқаны белгілі болды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!