Алматының әмбебап базарында өрт болды

Фотография - Алматының әмбебап базарында өрт болды

Кеше Алматының Түркісіб ауданында орналасқан әмбебап базарында оқыс оқиға болды.

178 0

Кеше Алматының Түркісіб ауданында орналасқан әмбебап базарында оқыс оқиға болды, Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Сейфуллин көшесінде орналасқан базарда лак және бояу бұйымдарын сататын сөрелер өртке оранған.

Өрт тез таралып, нәтижесінде 8 контейнер өртеніп кеткен. От 120 шаршы метр алаңды шарпыды.

Өртті ауыздықтау үшін қаланың өртке қарсы қызметінің 45 қызметкері, жол полициясы, кезекші патруль және учаскелік инспекторлар жұмылдырылған.

Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталуда. Әзірге өрт электр өткізгіштердегі ақаулардың салдарынан туындаған деп жорамалдануда.


Тегтер:

өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!