Шымкенттеұрылар қолға түсті

Фотография - Шымкенттеұрылар қолға түсті

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері 50-ден астам автөкөліктерді ұрлаған екі жас жігіттерді құрықтады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінен.

163 0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері 50-ден астам автөкөліктерді ұрлаған екі жас жігіттерді құрықтады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, ақпан айының соңында Әл-Фараби АІІБ-нің кезекші бөліміне, 40-жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, қаладағы кафелердің алдында белгісіз тұлғалар, жәбірленушінің «Тойота Ланд Крузер » маркалы автокөлігінің алдыңғы терезесін сындырып, салонындағы «Нокия» маркалы ұялы телефонын, 80 мың астам тұратын күміс заттарын және құжаттары мен бір жарым миллиондай ақшасын алып кеткені туралы жазған.

«Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде, Әл-Фараби АІІБ-нің жедел уәкілдері 1991 және 1986 жылы туылған, Шымкент және Түркістан қаласының бұрын ұрлық жасағаны бойынша, сотты болған екі күдікті азаматты құрықтады»,-делінген хабарламада.

Қазіргі кезде, полиция қызметкерлерлерінің анықтауы бойынша, ұсталған күдіктілер соңғы екі жыл ішінде, бөтеннің мүлкін ұрлап, 50-ден астам ұрлық жасап, жәбірленушілерге 15 миллиондай теңге көлемінде шығын келтірген.

Осы жасалған ұрлықтарды күдіктілер бір ғана жоспармен іске асырып отырған.

«Олар алдымен автотұрақтарда немесе жолдың бойында иесі жоқ қараусыз тұрған қымбат иномаркалы автокөліктерді бақылап, содан соң темірмен терезесін сындырып, автокөлік ішіндегі құнды заттармен ақшаларды алып кетіп отырған»,-атап көрсетілген хабарламада.

Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 175 бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!