Қарағанды дәмханаларының бірінен тағы да шу шықты

Фотография - Қарағанды дәмханаларының бірінен тағы да шу шықты

Қарағанды дәмханаларының бірінде келушілер арасында төбелес шығып, салдарынан екі адам пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті,

267 0

Қарағанды дәмханаларының бірінде келушілер арасында төбелес шығып, салдарынан екі адам пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Екі күдікті азамат «іздері суымай» ұсталды.

«Қарағанды қаласының Михайлов полиция бөліміне дәмхананың директоры хабарласып, оның мекемесінде төбелес болғанын, бұзақылар ыдыс-аяқтарды және 180 мың теңгенің жиһазын сындырғанын айтты. Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер 30 және 28 жастағы ағайындыларды ұстады. Екеуі де жұмыссыз. Тергеу барысында анықталғандай, олар басқа дастархан басындағы ағайындылармен төбелесіп, оларға пышақ жарақаттарын салды», - делінген таратылған хабарламада.

«Жедел жәрдем» дәмханадан 30 және 29 жастағы екі ер адамды облыстық клиникалық ауруханаға жеткізді. Олардың біріне пышақ құрсақ қуысына, екіншісіне кеуде қуысына сұғылған. Дәрігерлердің мәліметтерінше, екеуі де алкогольді мас күйде болды.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Ұсталған ағайындылар мойындау түсініктерін беріп, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап өтілгендей, төбелесте зардап шеккен ағайындылар полиция назарына бұған дейін бірнеше рет іліккен. «Үлкені есірткіні сатқаны үшін сотталды және қазіргі уақытта жазасын шартты түрде өтеп жүр. Кішісі өзгенің мүлкін қасақана бүлдіргені және оқпен атылатын қаруды заңсыз алып жүргені үшін істі болған», - деп нақтылады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!