Астанадағы "Magnum" сауда кешенінің төбесі ортасына түсті

Фотография - Астанадағы "Magnum" сауда кешенінің төбесі ортасына түсті

Астанадағы  "Magnum"  сауда кешені  шатырының  құлап кетуіне қардың уақытылы тазартылмағаны себеп болған.

214 0

Астанадағы  "Magnum"  сауда кешені  шатырының  құлап кетуіне қардың уақытылы тазартылмағаны себеп болған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр.

Сауда үйі шатырындағы тазартылмаған  қардың қалыңдығы екі метрден асып кеткен көрінеді. «Төтенше жағдай болған ғимарат  "Magnum" Cash & Carry" СҮ ЖШС-ның меншігі болып табылады.  Сол себепті, Азаматтық кодекстің 189 бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі меншікке  толықтай жауап береді»,-деп мәлімдеді баспасөз-қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 3-і күні  "Magnum"  сауда кешенінде 600 шаршы метрді құрайтын алаңның төбесі опырылып ортасына түсті.  Қирандылар астында қалған екі күзет қызметкері құтқарылып, әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан 50 адам  қауіпсіз жерлерге көшірілді.  Зардап шеккендер жоқ.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, аталмыш фактіге сәйкес Астана әкімдігі жанынан Астана қаласы әкімі орынбасарының басшылығымен ведомствоаралық комиссия құрылып отыр.

 


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!