Ақтау полицейлері бір түнде төрт көлікті айдап кеткен ұрыны ұстады

Фотография - Ақтау полицейлері бір түнде төрт көлікті айдап кеткен ұрыны ұстады

Ақтау қалалық ІІБ-нің қызметкерлері бір түнде «Mazda 626» маркалы төрт көлікті айдап кеткен ҚР азаматын ұстады

171 0

Ақтау қалалық ІІБ-нің қызметкерлері бір түнде «Mazda 626» маркалы төрт көлікті айдап кеткен ҚР азаматын ұстады.

«Түнгі сағат 3-те мас күйінде болған азамат И. бірінші көлікті облыс орталығының 12-ші шағынауданында айдап әкетті. Ұрланған көлікті Мұнайлы ауданының «Химик» бағбандық шаруашылығында қалдырып кетті. Таксимен Ақтау қаласының 28-ші шағынауданына оралған ол, екінші «Мазданы» айдап әкетіп, оны 4-ші шағынауданына әкеліп тастады. Сол жерде үшінші көлікті де иемденді. Алайда оның иесі бірден полицияға хабарласты. Көп ұзамай күдікті 5-ші шағынауданда төртінші көлікті айдап әкету үстінде ұсталды. Тергеу барысында бұған дейін ұрланған осындай маркалы екі көлік туралы белгілі болды», - деп хабарлады ІІБ-нің тергеушісі Талғат Смайылов.

Күдікті өз кәнісін мойындап, әрекеттерін алкогольді мас күйінде жасағанымен түсіндірді. Бұған дейін ұсталған азамат көліктерді айдап әкеткені үшін Атырау сотымен жазаланған болатын.

Қазіргі кезде оның басқа көліктердің ұрлануына қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары өткізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!