ОҚО тұрғыны алты адамды атып тастады

Фотография - ОҚО тұрғыны алты адамды атып тастады

Оңтүстік Қазақстан облысының Балықты ауылында 43 жастағы азамат аңшы мылтығымен көршілерін атып өлтіріп, кейін өзіне қол салды

299 0

Оңтүстік Қазақстан облысының Балықты ауылында 43 жастағы азамат аңшы мылтығымен көршілерін атып өлтіріп, кейін өзіне қол салды. Бұл жайында ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға салдарынан бір жас жігіт, әйел және жасөспірім бала қайтыс болды. Тағы ағайынды екі азамат пен олардың әкесі алған дене жарақатынан кейін ауруханаға жеткізілді.

"Оқиға орнына санаулы уақытта жеткен тәртіп сақшылары жарақат алғандарды ауруханаға жеткізді. Ал, оқ атқан күдіктінің денесін ауыл сыртындағы өзен жағасынан тапты" дейді ОҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Алдын ала болжамдар бойынша, қанды оқиғаның басты себебі ұзақ жылдар бойына дауға айналған жер телімі болуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!