Маңғыстау облысында жас әйелдің өртеніп кеткен мүрдесі табылды

Фотография - Маңғыстау облысында жас әйелдің өртеніп кеткен мүрдесі табылды

Бақташы жолдан 300 метр жерде әйелдің мүрдесін тапты.

233 0

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының солтүстік бөлігінде, бақташы жолдан 300 метр жерде әйелдің мүрдесін тапты.

Оқиға орнында жедел топ жұмыс істеді. «3 наурыз күні табылған бойжеткеннің мүрдесі жартылай өртенген және жартылай қаңғыбас иттермен таланған. Мүрдені бірден тану мүмкін емес. Криминалистер оның жанынан киім-кешектің бөлшектері мен шашқа арналған қыстырғыштарды тапты. Табылған заттар мен мүрденің жасынан оның 19 ақпан күні Мұнайлы ауданында жоғалып кеткен Мәншүк Оралбаева екендігін болжауға болады.  Бірақ әзірге бұл тек болжамдар. Сот-медициналық сараптаманың бірқатар талдамаларын өткізу қажет», - деп баяндады облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мәмбет Аяпов.

17 жастағы Мәншүк Оралбаева 19 ақпан күні жоғалып кетті. Бойжеткен Маңғыстау-3 кентінде тұрды. Туыстарының айтуынша, сол күні сағат 14:00-де ол өзі тұрып жатқан қайын енесінің үйінен шығып, Ақтаудағы апасына бармақшы болды. Содан бері бойжеткенді ешкім көрмеді.

Сараптама қорытындылары келмейінше, Мәншүкті іздеу жұмыстары тоқтатылмайды. Жедел қызметкерлер болуы мүмкін барлық нұсқаларды қарастыруда.


Тегтер:

табылды мүрде

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!