Қытайдан жалған құжаттармен келген тауар Павлодар облысының кеденінде ұсталды

Фотография - Қытайдан жалған құжаттармен келген тауар Павлодар облысының кеденінде ұсталды

Қытайдан жалған құжаттармен келген тауар Павлодар облысының кеденінде ұсталды

135 0

Павлодар облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Кедендік одақ аумағына Қытайдан халықтық тұтыну тауарларын заңсыз кіргізу фактісін анықтады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Тексеріс барысында Қазақстан азаматының басқаруындағы тауарлардың Украинаға контрабандалық транзиті жалған құжаттармен жүзеге асырылғаны анықталды.

Алдын ала есептеулер бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 15 млн. теңгеден астамды құрайды.

«Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!