Алматыда тағы бір офицер өзіне қол салды

Фотография - Алматыда тағы бір офицер өзіне қол салды

 Ол туралы Қазақстан бас әскери прокуратурасының бас хатшысы Ақбар Әбдильдин мәлім етті.

124 0

Алматы облысының Талдықорған қаласында зеңбірек батальоны рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары өзіне қол салған. Ол туралы Қазақстан бас әскери прокуратурасының бас хатшысы Ақбар Әбдильдин мәлім етті.

«Бұл суицид болуы мүмкін», - дейді Әбдильдин.

Оның айтуынша, 1976 жылы туған аға лейтенант Ержан Исовтың мүрдесі 1 наурыз күні 16 сағатта гараждан табылған. Қазіргі кезде оқиға орнын Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры мен жедел іздестіру тобы зерттеп жатыр. Әзірге қайғылы оқиға неден болғаны жөнінде ресми мәлімденген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!